Жаздық жұмсақ бидай дақылының негізгі егістіктері сусыз, суарылмайтын жерлерде өсірілетіндіктен соңғы жылдарда орын алып отырған құрғақшылықтың келеңсіз әсері бірінші ретте тұқымның өну-көктеу кезеңдерінде айқын білінеді. Күйзелістің теріс салдарын төмендету үшін осы кезеңде фитогормондардың қолайлы арақатынасын қалыптастыра отырып қолдану қажет. Зерттеуде жаздық бидайдың Таймас және Гранни сорттырының тұқымдары 24-эпибрассинолидтың 0,001; 0,0015; 0,002; 0,0025; 0,003 % -дық концентрацияларымен өңделіп, қалыпты және құрғақшылық иммитацияланған жағдайларында өндірілді. Эпибрассинолид фитогормонымен жаздық жұмсақ бидай тұқымдарын өндеу барысында құрғақшылық жағдайдың өзінде олардың өнгіштігі 96%-ға дейін жетіп, өнгіштік индексі 47,73-54,93 %-ға дейін ұлғайды. Фитогормонның 0,0015 -0,002 %-дық мөлшерімен өңделген бидай тұқымдарын қалыпты және құрғақшылық стрессі жағдайларында өндіргенде тамыр жүйесінің қарқынды дамуына септігін тигізеді және тамырдың өркенге қатынасы сорттарға байланысты 43,2- 47,4 %-ға дейін жоғарылайды. Эпибрассинолид фитогормонының 0,0015-0,002 % концентрациясынан жоғары болуы өскіндердің өнгіштік және тіршілікке қабілеттілік индексінің төмендеуіне, тамыр мен өркен қатынасының азаюына алып келеді, нәтижесінде фитоулылық индекстің - 42,7 %-ға дейін төмендеуіне себепші болады. Біздің зерттеу нәтижелеріміз жаздық жұмсақ бидай тұқымдарын себуге дайындау барысында 2,4 - эпибрассинолид фитогормонының 0,0015-0,002 % концентрациясымен өңдеу дақылдың бастапқы даму кезеңдеріндегі өсу үдерістерін жақсартатындығын дәлелдейді. Бидайдың бастапқы даму кезеңдеріндегі құрғақшылық стрессі әсерінен болатын кері ықпалдарды еңсеру тұқымтану ғылымында аса маңызды